Winamp Logo
CoolTóbe podcast Cover
CoolTóbe podcast Profile

CoolTóbe podcast

Kazakh, Sciences, 2 seasons, 21 episodes, 21 hours 27 minutes
About
Күлтөбе жобасында Қазақстан қоғамындағы трендтер, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдай туралы сол тақырыпты зерттеп жүрген сарапшылармен сөйлесеміз. Әр шығарылымның тақырыбы болады. Сол тақырыппен айналысатын ғалыммен халыққа барынша түсінікті тілде сол зерттеу саласының мәселелерін талқылаймыз. Жобаның негізгі тілі қазақша болады. Жобаға шақырылатын қонақ орыс тілді болған жағдайда, әңгіме орыс тілінде жүргізіледі. Ал сарапшы ағылшын тілді болған жағдайда әңгіме ағылшын тілінде жүреді. Подкаст видео форматында түсіріліп, YouTube арнамызда жарияланады.
Episode Artwork

Казахстанская идентичность. Какая она?

CoolTòbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық кімдік, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Бұл бағыттағы эпизодтар саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsinki Committee қорының қолдауымен жүзеге асырылады.    Қазақстандағы әртүрлі этникалық топ өкілдері өздерін кім деп санайды: «қазақтар» немесе «қазақстандықтар»? Ұлттық кімдікті іздеу үдерістері бар ма?  30 жылдың ішінде, Қазақстанның қазіргі жағдайында ұлттық ортақтық қалай қалыптасты? Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айнала ала ма? Жастардың тілге деген көзқарасы қандай? Бұл бөлімде біз осы және басқа сұрақтарды Narxoz университетінің доценті Зульфия Имярова және PaperLab зерттеушісі, әлеуметтікк лингвист Анна Климченкомен талқылаймыз.   Несколько выпусков подкаста CoolTòbe будет посвящена теме национальной и этнической иден
09/06/20221 hour 19 minutes 24 seconds