Winamp Logo
DEPPA podcast Cover
DEPPA podcast Profile

DEPPA podcast

Kazakh, Cultural, 1 season, 22 episodes, 21 hours, 53 minutes
About
QazaqGrammar мен QialDub админдері жүргізетін, мәдени трендтерді талқылайтын подкаст.
Episode Artwork

“Ойжұмбақ 2” қалай болған еді?

Подкастымызды Patreon арқылы қолдасаңыз болады: https://www.patreon.com/qazaqgrammar/membership
9/28/202442 minutes, 2 seconds
Episode Artwork

“Желтоқсанның” шынайы себебі | “Орыстандыру” | DEPPA #5

Әлия Әшім мен Сәуле Темірбаева – жуырда шыққан “Орыстандыру” деректі фильмінің авторлары. Олар бұған дейін Q-Rec жобасы аясында Қонаев дәуірінің мифтерін әшкерелеп, Желтоқсан оқиғасының нағыз себептерін ашып көрсеткен бірнеше деректі фильм түсірген. 0:00 Алаш қайраткерлерінің әйелдері неге орыс болған? 8:10 “Орыстандыру” ма, әлде “Ажырау” ма? 11:50 Мухоряповтың ұсынысы – кинотеатрда көрсетілім жасау 15:02 Тарихи архивтермен қалай жұмыс істеу керек 20:15 Қазақ даласына ислам қалай келді? Деректі фильм 21:25 Шоқан Уәлиханның дінді сынағанын мектепте неге оқытпайды? 22:40 “Қашан” деген сұрақ маңызды емес, “Неге” деген сұрақ маңызды 26:08 Сыни ойлаудың маңызы 26:56 Желтоқсанның шынайы себебі 35:21 Біз шығармашылықпен әуелі өзіміз үшін айналысуымыз керек 37:27 Қазақстандағы ислам ағымдары туралы 42:06 Орысша және қазақша білімнің айырмашылығы 48:32 Екатерина ханшайымның қазақтар туралы айтқаны 51:10 Абай, Жамбыл туралы конспирология 53:38 Жақсылық Сәбитов: тарихи терминологияны өзгерту 56:43 Қазақ тарихына соңғы 100 жыл ерекше әсер еткен Бұл контент Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен дайындалды. DEPPA Podcast ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты, және де ол ақпарат USAID-тың, немесе АҚШ үкіметінің ұстанымына сай келмеуі мүмкін. USAID – әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және дамуға бастайтын қозғаушы күш. Көбірек ақпарат алу үшін агенттіктің сайтына: https://www.usaid.gov/central-asia-re... және Facebook-тегі USAID Central Asia парақшасына өтіңіз: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia
9/12/20241 hour, 1 minute, 2 seconds
Episode Artwork

SASAQ – ТИКТОКТЫҢ ЛЕГЕНДАСЫ | DEPPA #4

Бұл шығарылымда тиктокер Sasaq-пен қазақ ЛГБТК+ тақырыбын талқыладық. ЛГБТК+ насихаты бізге қалай әсер етеді? Оларға қарсы шыққан Бағила Балтабайдікі дұрыс па? Сонымен қатар киіз үйде жалаңаштанып билеген Әлішер Сұлтанбекұлының не айтқысы келгенін түсінбей қалғанымыз да бар. 0:00 - Қонақта Сасақ 0:12 - Сасақ туралы не білеміз? 0:53 - Әмірдің қалай қазақша ТикТок түсіре бастағаны жайлы. 2:36 - Жастар көп оқи алмайды. 4:58 - Адамдар ЛГБТ’ға үстіртін қарайды. 5:41 - Бағила Балтабайдың ЛГБТ’ға қарсы шығуы. 7:05 - «Балаң гей болса, оны өзгерте алмайсың.» 9:16 - Амилай мен Никанет 11:45 - Статистика 13:12 - Ресей – Еуропа да емес, Азия да емес. 14:46 - Киіз үйде билеген жастар жайлы. 16:55 - Ол видеоның мақсатын түсінбеген Мақсат. 18:50 - «Біреудің бұтын аңдыған халық, ешқашан дамымайды.» 20:58 - ЛГБТ пропаганда балаға әсер ете ме? 24:39 - Тиктокта отырып ап “қайыр” сұрайтындарға қалай қарайсың? 30:01 - Сасақтың тиктоктары қоғамға қарсы. 34:38 - «Қоғам өнер адамдарының артынан еруі керек.» 36:41 - Қызға қырық үйден тыйым. 37:45 - Әмір неге барсеткі тағып отыр? 41:44 - «Мен арабизацияға қарсымын» 51:00 - Конспирология. 52:13 - Не үшін аты Сасақ? 55:36 - Сүйікті анимең қандай? 56:36 - Бізде қонақта болған Сасақ! Бұл контент Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен дайындалды. DEPPA Podcast ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты, және де ол ақпарат USAID-тың, немесе АҚШ үкіметінің ұстанымына сай келмеуі мүмкін. USAID – әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және дамуға бастайтын қозғаушы күш. Көбірек ақпарат алу үшін агенттіктің сайтына: https://www.usaid.gov/central-asia-re... және Facebook-тегі USAID Central Asia парақшасына өтіңіз: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia
8/30/202457 minutes, 25 seconds
Episode Artwork

Шах-Мұрат Ордабаев: Қазақша дубляж мәселесі | DEPPA Podcast #3

Бұл эпизодта театр әртісі, дубляж режисөрі Шах-Мұрат Ордабаевпен дубляж жасаудың қыр-сырын ашып, аударма, дубляж терминологиясы мен дыбыстама және субтитр мәселесін талқыладық. 0:00 - «Ойжұмбақ 2» қазақша дубляжына барайық! 0:31 - Қазақ дубляжының тарихы 8:20 - Дубляжға қатыса бастаған кезі 10:08 - «Коконың құпиясы». Шығуына қарсы болды. 12:25 - Астапыралла сөзін дубляжға қосу 13:36 - «Дос-Мұқасан» фильміндегі дубляж 16:30 - Әбілмансұр Серіковтың орыстілді кейіпкерді сомдауы жайлы 17:58 - Ұстаздың шәкіртке күш көрсеткені дұрыс па? 19:24 - Театр мен өнер академиясындағы әлімжеттік. 23:25 - Дубляж режиссері қатал бола ала ма? 26:00 - «Майор Гром» дубляжы 27:58 - Ресей ештеңе дубляждай алмайды 29:00 - “Орыс тіліне ең жақын мемлекет деп бізді таңдайды” 32:40 - Қазақша дубляж болсын деп күрескен адаммын 34:55 - Неліктен субтитр ғана бар? 42:37 - Дубляж әртістерінің базасы бар ма? 43:15 - Ойжұмбаққа кім қатысты? 44:40 - Неге тым жасанды дыбыстайды? 47:30 - Дубляж әртісі деген мамандық жоқ! 50:08 - Войсовер мен Синхрон дубляждың айырмашылығы 52:45 - 13 маусым күні Ойжұмбаққа барайық) 54:29 - “Дубляжға өзінің таныстарын ғана шақырады” 55:45 - Аудармашы қазақ тіліне бейімдеу керек 1:01:15 - “Өнердің негізі – тіл.” 1:03:31 - Үш сүйікті фильм 1:08:10 - Үш сүйікті кітап 1:12:00 - Осымен аяқтаймыз ____ Бұл контент Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен дайындалды. DEPPA Podcast ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты, және де ол ақпарат USAID-тың, немесе АҚШ үкіметінің ұстанымына сай келмеуі мүмкін. USAID – әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және дамуға бастайтын қозғаушы күш. Көбірек ақпарат алу үшін агенттіктің сайтына: https://www.usaid.gov/central-asia-re... және Facebook-тегі USAID Central Asia парақшасына өтіңіз:   / usaidcentralasia
6/13/20241 hour, 12 minutes, 22 seconds
Episode Artwork

Перизат Мырзахмет: Кинодағы әйел | Дін | Cancel мәдениеті | DEPPA #2

Бұл шығарылымда сценарист Перизат Мырзахметпен кино, музыка және әдебиеттегі әйел рөлі туралы сөйлестік, гендерлік таптаурындарды талқыладық. Сондай-ақ әйгілі Овертон терезесі және т.б. "бүжай" теорияларды талдадық. ____ 0:00 Жайнаның жалғасы бола ма? 0:45 Режиссер жігіттер келіспейді 17:15 Қазіргі актёрлар не ойнап жатқанын білмейді 19:08 Фатшеймиң 20:20 Марат Достаевты келемеждеу дұрыс па? 24:28 Cancel culture 25:00 «Медиада жүрген соң, байқап сөйлеу керек» 26:15 Регина Тодоренконың сөзден авария болуы 26:50 Jah Khalib 27:45 Бишимбаев 31:00 Исламда әйелді ұруға болады 31:45 Кері ұршық иіру 32:25 «Менің атым Кхан» фильміндегі адамгершілік 33:36 Тәңіршілдік жайлы 36:30 «Шетелдік суперқаһармандардан асып түсе аламыз» 41:55 Америкада қазір идея жоқ 42:24 «Madam Web» неге өтпеді? 47:13 Тапсырыс беретін арнаның цензурасы 48:10 «Махаббат, қызық мол жылдарын» алып тастау керек 51:47 Кітап оқи алмайтын адам сауатсыз ба? 54:50 Қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесі 58:38 Овертон терезесі 1:00:00 Бізде білім жоқ 1:12:19 Соңы ____ Бұл контент Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен дайындалды. DEPPA Podcast ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты, және де ол ақпарат USAID-тың, немесе АҚШ үкіметінің ұстанымына сай келмеуі мүмкін. USAID – әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және дамуға бастайтын қозғаушы күш. Көбірек ақпарат алу үшін агенттіктің сайтына: https://www.usaid.gov/central-asia-re... және Facebook-тегі USAID Central Asia парақшасына өтіңіз:   / usaidcentralasia  
5/2/20241 hour, 12 minutes, 18 seconds
Episode Artwork

14. Лингвист Бибарыс Сейтақ: қазақ тілі туралы мифтер мен таптаурындар

Қазақ тілі – ең бай тіл ме? Қазақстанда екі мемлекеттік тіл бар ма? Қазақ тіліне қатысты мифтерді лингвист Бибарыс Сейтақпен бірге талқыладық. Бұл эпизод – YouTube арнамыздағы видеоподкастымыздың аудионұсқасы. 0:00 Сөзбасы 2:05 Миф талдау: Тіл — тірі ағза ма? 3:14 Қазаққа жат (болған) дыбыстарды қолдану норм ба? 5:50 Неге аУатар 8:20 «Тіл тазалығы» деген — миф пе? 11:00 Тіл тазалығының түрлері 14:41 Ауатар аудармасының ерекшелігі 17:45 Дыбыстама тезірек шықсын десеңіз 18:24 Қазақ тілі — ең бай тіл ме? 21:06 2.5 миллион сөз деген қайдан шықты? 24:14 Тіл — жай ғана коммуникация құралы ма? 29:09 Кинодағы қазақ тілі 38:28 Есімдікті орынсыз қолдану. Әуесқой дыбыстаушы мен аудармашыларға үндеу 42:40 Қазақ тілінің болмысы жоғалды ма? 47:58 Заман өзгерген соң тіл өзгеріп жатыр 54:54 Қазақстандағы орыс тіліне ықпал ету 57:40 Қазақстанда екі ресми тіл бола ала ма? 1:01:30 Сау болың Бұл подкаст эпизоды Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен дайындалды. DEPPA podcast ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты, және де ол ақпарат USAID-тың, немесе АҚШ үкіметінің ұстанымына сай келмеуі мүмкін. USAID – әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және дамуға бастайтын қозғаушы күш. Көбірек ақпарат алу үшін агенттіктің сайтына: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және Facebook-тегі USAID Central Asia парақшасына өтіңіз: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia
4/24/20241 hour, 2 minutes, 2 seconds
Episode Artwork

13. Кинохабар: Гай Ричи, ComicCon, УанПис, Marvel/DC

Бұл эпизодты Dequine деген орысша сөйлейтін әншінің 2GIS навигаторын қазақша дыбыстағаны туралы хабардан бастадық. Артынша Астанада өткен ComicCon фестивалін талқыладық, қазақ тіліне қатысты мәселелерін айтып өттік. Сонымен қатар соңғы киножаңалықтардан Гай Ричидің Covenant атты фильміне және Netflix түсірген “Уанпис” сериалына спойлерсіз шағын талдау жасадық. Гикшіл қауымға қызық Marvel мен DC әлемінің жаңалықтарын да тыс қалдырмадық. 00:01 Маңызды хабарлама 00:58 Deqiune-нің 2GIS-тегі қазақша дыбыстамасы 12:24 Гай Ричидің соңғы фильмі The Covenant (2023) 16:50 ComicCon Astana 2023 фестивалі 25:45 ComicCon-дағы Cosplay (кәстүмдер) сайысы 28:23 ComicCon QazaqGrammar-ды шақырып, сосын кәнсілдеп тастады 32:00 ComicCon-дағы қазақ тілі мәселесі 33:53 Уанпис сериалы (Netflix) және манга мен аниме терминдері 47:44 Аквамен / Көлтауысар 55:02 Өрмекші адамға қатысты барлық жаңалық 01:04:30 Құну / Wolverine / Хью Джекман 01:07:32 “Құну” сөзі туралы 01:11:17 Жаулаушы Канг / Джонатан Мейджорс / Deadpool 3 01:29:36 Poor Things, Killer, Фассбендер, Gran Turismo Жүргізушілер: Азат Әбдікамал, Мақсат Арзаман Хостиң: podcasting.center Бізді патреон арқылы қолдай аласыз: https://www.patreon.com/qazaqgrammar
9/25/20231 hour, 35 minutes, 42 seconds
Episode Artwork

12. Музыка, Kanye West, OyuFest, хип-хоп

Бұл шығарылымда музыка жайлы сөз қозғадық. Соның ішінде Алматыда өткен Oyu фестиваліне қатысты қызықтарды және Hurts тобының консертіндегі ерекшеліктерді атап өттік, одан бөлек Канье Уестің музыка мен сән әлеміне қосқан елеулі үлесін, Тревис Скоттың соңғы альбомын және рэп жанрын талқыладық. Бізді патреон арқылы қолдап жіберіңіз: https://www.patreon.com/qazaqgrammar
8/31/202355 minutes, 59 seconds
Episode Artwork

11. Barbenheimer, Семей полигоны, Курчатов, Шаған

Бұл эпизод Барбенхаймер қос фильмі туралы болды. Сонымен қатар 29 тамыз Семей полигоны жабылған күнін тілге тиек етіп, атомдық жарылыс мәселесі жайлы сөз қозғадық. Жүргізушілердің бірі Мақсат Семей полигонымен тығыз байланысты Курчатов пен Шаған қалаларына қалай барып келгенін айтып берді, онда кезіккен қызық кейіпкерлердің тағдырын да талқыладық. Бізді патреон арқылы қолдай аласыз: https://www.patreon.com/qazaqgrammar
8/24/20231 hour, 1 minute, 17 seconds
Episode Artwork

10. Баяғы Мухоряп сол Мухоряп

Эпизод сапасына қатысты ескерту: кейбір жерлерінде дыбыс нашарлау болуы мүмкін. Алдын ала кешірім сұраймыз. Chocolife компаниясының басшысы Рамиль Мухоряпов былтыр қазақ тіліне қатысты болған дауы жөнінде Forbes арнасына жауырда сұхбат берді. Біз сол сұхбаттағы аргументтерін талдап шықтық: былтырғы сөздері контекстен жұлып алынған ба, туристерге қазақша сөйлеу мәдениетсіздік пе, былтырғы дау әдейі жасалған шабуыл ма, депутаттардың дауға қатысы қандай және т.б. жайттарды қозғадық. Бізді патреон арқылы қолдай аласыз: https://www.patreon.com/qazaqgrammar
8/13/202322 minutes, 10 seconds
Episode Artwork

09. Telegram қазақшаға қалай аударылды

Қазақша Telegram'ның аудармашысы Мұрат Кәрібаймен Telegram’ды қазақшаға қалай аударғаны туралы сөйлесіп, біз және басқа да белсенділер бұл істі жүзеге асыруға қалай атсалысқанымыз туралы әңгімелестік. Telegram аудармасының қиындықтары мен ерекшеліктерін көрсетіп, локализация жасау жөнінде кеңесімізді бөлістік. Бізді патреон арқылы қолдай аласыз: https://www.patreon.com/qazaqgrammar Таймкод: 00:00 Шағын хабарландыру 0:49 Telegram аудармасының  қысқа тарихы 5:46 Beta нұсқа деген не? 6:45 Telegram әкімшілігінің аудармашыларға берген сыйлығы 10:14 Telegram аудармасы қай платформада бар? 11:05 Интерфейске қазақша аударманы сыйдыру мәселесі 11:42 Хабарлама vs. Хат 13:20 Өңдеу vs. Өзгерту 14:52 Cancel — бас тарту vs. қайтару 15:55 Reset — тазарту vs. арылту vs. қалпына келтіру vs. қайтару 18:09 Жазып жатыр vs. Жазуда 19:52 Дескриптивизм vs. Прескриптивизм 21:20 Интернетпен қолдану vs. Интернетті қолдану. Калька мәселесі 24:23 Unread және т.б. аударылмай қалған сөздер 26:14 Юникод жүйесіне енгізілмеген қазақ тілінің жалғаулары 30:34 Swipe — сырғыту әлде жанап өту? 31:03 Last seen — жуырда/жақында әлде таяуда кірді? 34:03 Voice message — дауысхат 35:33 Ықшамдық қуалап, түсініксіз тіл жасап кетпедік пе?  38:00 Алдыңғы vs. Алдынғы, Тенге vs. Теңге, Бәтеңке vs. Бәтенке 40:20 Юникодтағы сан есімдер мәселесі 41:00 Unpin - ажырату vs. шешу 41:50 Қолданба мен ойындарды қазақ тіліне локализация жасайтын компания 42:33 World of Tanks ойны қазақшаға қалай аударылды 45:08 Өздігінен локализация жасағысы келетіндер не'стеуі керек? 45:47 Мысықтың мяулағаны 47:19 Telegram'ыңыз қазақша болғаны неге маңызды? 47:32 Аудармадағы қазақ тіліне қалай үйренісуге болады? Telegram аудармашыларының чаты: https://t.me/translation_kk Аударма бойынша ұсыныстарыңызды мына сілтемеге кіріп жазасыз: https://translations.telegram.org/kk/
7/9/202349 minutes, 59 seconds
Episode Artwork

09. Telegram қазақшаға қалай аударылды

Қазақша Telegram'ның аудармашысы Мұрат Кәрібаймен Telegram’ды қазақшаға қалай аударғаны туралы сөйлесіп, біз және басқа да белсенділер бұл істі жүзеге асыруға қалай атсалысқанымыз туралы әңгімелестік. Telegram аудармасының қиындықтары мен ерекшеліктерін көрсетіп, локализация жасау жөнінде кеңесімізді бөлістік.
7/9/202349 minutes, 59 seconds
Episode Artwork

08. Таңғажайып Spider-Man: Across the Spider-Verse

"Өрмекші-адам: өрмекғалам арқылы" деген жаңа анимациялық фильмді көріп келдік. Фильмді талқылап отырып, өзіміздің белгілі бір дәрежеде гик екенімізді аңғардық. Сондай-ақ Марвелдің мультиғаламдық мәселелерін, өрмекші-адамдардың тағдырын және әдеттегідей дыбыстама жайтын қозғап өттік. Бұл эпизодта бес қатысушы болды, дегенмен әркім өз ойын айтып, бес тиынын қосып үлгерді. Сондықтан мультиғаламдық пікірігімізді қабыл алыңыз. Бізді патреон арқылы қолдай аласыз: https://www.patreon.com/qazaqgrammar Таймкод: 00:00 Біз гикпіз бе? 01:35 Into, Across, Homecoming атауларының мағынасы 3:43 Мультфильм әлде анимациялық фильм? 6:11 Into the Spider-Verse басқа туындыларға әсері 10:05 Фильмнен қандай әсер алдық? 10:53 Мультиғалам және сілтемелер туралы 12:26 Дубляждың кемшілігі, түпнұсқаның артықшылығы 16:23 Spider-Punk: панк деген кім? 19:00 Үнділік өрмекші-адам 19:50 Диалогтар шапшаңдығы мен стилі 20:55 Қазақстандық және ресейлік орысша дыбыстама 23:54 Мигель О’Хара және Майлз Моралес қай ұлт? 27:55 Фан-сервис не үшін керек 30:40 Комикстердің ерекшелігі және ұлттық мифология 36:15 Біздің суперқаһармандар кім болар еді? 39:43 Инклюзия туралы 40:57 Мультиғаламдағы “өзекті оқиға” (canon event) маңыздылығы 45:00 “Чехов мылтығы” деген не? 47:26 Spider-Verse’тегі Чехов мылтығы қандай болды? 50:20 Фильмді дыбыстағандар 51:53 Фильмдегі музыка 52:44 Фильмдегі ерекше ұнаған сәттер 54:15 Ұнаған кейіпкерлер 55:14 Фильмнің негізгі сюжеттік күртбұрысы (туист) 58:05 Sacred Timeline 59:48 Фильм туралы әртүрлі фактілер 1:02:32 Тыңдарманға өтініш және Патреондағы парақшамыз туралы ақпарат
6/9/20231 hour, 4 minutes, 2 seconds
Episode Artwork

08. Таңғажайып Spider-Man: Across the Spider-Verse

"Өрмекші-адам: өрмекғалам арқылы" деген жаңа анимациялық фильмді көріп келдік. Фильмді талқылап отырып, өзіміздің белгілі бір дәрежеде гик екенімізді аңғардық. Сондай-ақ Марвелдің мультиғаламдық мәселелерін, өрмекші-адамдардың тағдырын және әдеттегідей дыбыстама жайтын қозғап өттік. Бұл эпизодта бес қатысушы болды, дегенмен әркім өз ойын айтып, бес тиынын қосып үлгерді. Сондықтан мультиғаламдық пікірігімізді қабыл алыңыз. Бізді патреон арқылы қолдай аласыз: https://www.patreon.com/qazaqgrammar Таймкод: 00:00 Біз гикпіз бе? 01:35 Into, Across, Homecoming атауларының мағынасы 3:43 Мультфильм әлде анимациялық фильм? 6:11 Into the Spider-Verse басқа туындыларға әсері 10:05 Фильмнен қандай әсер алдық? 10:53 Мультиғалам және сілтемелер туралы 12:26 Дубляждың кемшілігі, түпнұсқаның артықшылығы 16:23 Spider-Punk: панк деген кім? 19:00 Үнділік өрмекші-адам 19:50 Диалогтар шапшаңдығы мен стилі 20:55 Қазақстандық және ресейлік орысша дыбыстама 23:54 Мигель О’Хара және Майлз Моралес қай ұлт? 27:55 Фан-сервис не үшін керек 30:40 Комикстердің ерекшелігі және ұлттық мифология 36:15 Біздің суперқаһармандар кім болар еді? 39:43 Инклюзия туралы 40:57 Мультиғаламдағы “өзекті оқиға” (canon event) маңыздылығы 45:00 “Чехов мылтығы” деген не? 47:26 Spider-Verse’тегі Чехов мылтығы қандай болды? 50:20 Фильмді дыбыстағандар 51:53 Фильмдегі музыка 52:44 Фильмдегі ерекше ұнаған сәттер 54:15 Ұнаған кейіпкерлер 55:14 Фильмнің негізгі сюжеттік күртбұрысы (туист) 58:05 Sacred Timeline 59:48 Фильм туралы әртүрлі фактілер 1:02:32 Тыңдарманға өтініш және Патреондағы парақшамыз туралы ақпарат
6/9/20231 hour, 4 minutes, 2 seconds
Episode Artwork

07. Камила Смағұл: үш тілді араластыру

Қонағымыз Камила Смағұлмен Прагада кездесіп, подкаст эпизодын жазып тастадық. Бұл эпизодта code-switching (тілдерді араластырып сөйлеу), PaperLab орталығы, ғылыми зерттеулер мен зерттеушілер туралы және ағылшын тілін қалай үйренгеніміз жайлы сөйлестік. Сондай-ақ феминизм тақырыбын жанап өттік. Кейбір өсек-аяңдарымызды да талқыладық. Патронымыз болыңыз: https://www.patreon.com/qazaqgrammar 0:00 - Подкаст ерекшелігі 0:39 - Code switching тақырыбы тиіп кетті ме? 6:33 - Кішігірім хабарландыру! 6:40 - Прага жайлы 7:33 - Ағылшын тілі 9:29 - “Мемлекеттік саясат” деген қате аударма 10:48 - НУ’дағы күшті жұмыстан бас тартып, ғалымдыққа кетуі жайлы 18:22 - Алаяқ синдромы 19:57 - Шетелге шығу маңызды ма? 21:22 - Ғылыми журналдар орыс тілін талап етеді 24:18 - Көшеде біреу танып қалған кездер болды ма? 25:42 - Нұрлан имам зерттеуші емес 27:39 - Сүлеймен Демирел университетіндегі code switching 29:02 - Тілдерді қалай тез үйренуге болады? 36:45 - Қазақстанды екі тілді ел ретінде көремін 38:47 - Жатарда не ойлайсың? 41:32 - Тіл мәселесін тек билингвуалдар ғана қозғайды 53:34 - Өте маңызды ақпарат! 53:45 - Қазақстандағы феминистер орыс тілділер 1:01:22 - Репрессияға ұшыраған әйелдердің рөлін көбірек ашу керек 1:02:23 - Соңы
6/2/20231 hour, 3 minutes, 35 seconds
Episode Artwork

07. Камила Смағұл: үш тілді араластыру

Қонағымыз Камила Смағұлмен Прагада кездесіп, подкаст эпизодын жазып тастадық. Бұл эпизодта code-switching (тілдерді араластырып сөйлеу), PaperLab орталығы, ғылыми зерттеулер мен зерттеушілер туралы және ағылшын тілін қалай үйренгеніміз жайлы сөйлестік. Сондай-ақ феминизм тақырыбын жанап өттік. Кейбір өсек-аяңдарымызды да талқыладық. Патронымыз болыңыз: https://www.patreon.com/qazaqgrammar?utm_medium=clipboard_copy&utm_source=copyLink&utm_campaign=creatorshare_creator&utm_content=join_link
6/2/20231 hour, 3 minutes, 35 seconds
Episode Artwork

06. Галактика сақшылары: күлдіреді, сосын жылатады

Жуырда шыққан "Галактика сақшылары: 3-бөлім" (ГС) фильмі бізге несімен ұнады және сізге несімен ұнауы мүмкін? Marvel'дің суперқаһармандық кинотуындыларына алдын ала күмәнмен қарайтын болсаңыз, ГС'ны Джеймс Ганн түсіргенін ескеріңіз. Өйткені бұл режиссер өзінің керемет әзілімен және тиянақты стилімен ерекшеленеді. Бұл эпизодта ГС, Marvel және тіпті бөлек тұрған DC ғаламы туралы пікір бөлістік. ГС'ның орысша дыбыстамасы туралы сынымызды айтып, қазақ дубляжын да бір жоқтап алдық. Оған қоса Генри Кавилді де талқылап өттік. Қатысқандар: Азат Әбдікамал: https://instagram.com/abdikamal.a?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== Ілияс Амантай: https://instagram.com/ilentay_?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==
5/13/202355 minutes, 19 seconds
Episode Artwork

Қазақ тілі жайлы ауқымды шығарылым: мифтер, таптаурындар

Бұл подкасты бастаған кезде тілді қозғамаймыз, тек трендтерді талқылаймыз деп ойлағанбыз. Алайда күнделікті жаңалықтар тіл тақырыбынан алыстауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінгі эпизодымызда қазақ тілі мен қазақтар туралы барынша ашық әрі толық айтуға тырыстық.  Яғни Тоқаевтың қазақ тілі туралы сөзін, Рашевтың отарлау туралы пікірігін тілге тиек ете отыра, қазақ тіліне қатысты бірқатар таптаурындарды әшкерелеп көрдік. Соның ішінде мыналар: әлемдегі ең бай тіл – қазақ тілі ме? Тіл байлығын қалай өлшейміз? Қазақ тілінде қанша сөз бар? Қазақша сөйлеу нацизм бе? Орыс тілі ұлтаралық тіл ме? Қазақстанда екі мемлекеттік тіл бола ала ма? және т.б. Сонымен қатар Хәрри Поттерге қатысты жоспарымызды бөлістік. Эпизодтағы сілтемелер: Әлемдегі ең бай тіл – қазақ тілі: https://aikyn.kz/7960/10348-aelemdegi-eng-bay-til-qazaq-tili Type-toke ratio (TTR) қалай өлшейміз: https://www.sltinfo.com/wp-content/uploads/2014/01/type-token-ratio.pdf Казахстанцы начнут говорить на казахском к 2052 году: https://arbat.media/vaznoe-v-kazaxstane/kak-razvivat-kazaxskii-yazyk-razbiraem-vse-nyuansy-davnei-problemy-7531 Популярные мифы о языковой политике Казахстана: https://www.instagram.com/p/CSwjchcqMxF/
5/1/20231 hour, 14 minutes, 8 seconds
Episode Artwork

Beef сериалын не үшін ұнаттық? Спойлерсіз (дерлік)

Соңғы жылдары Холливуд пен батыс стримиңдері Азия мәдениетіне, соның ішінде киноиндустрияда өз орнын тапқан азиялықтарға көп қызығушылық танытып жатыр. Олар түсірген кинотуындылар тың идеяларымен таң қалдырады. Мұның ең жарқын мысалы — жуырда шыға салып, лезде танымал боп кеткен «BEEF» (ҰРЫС) сериалы. Қазірдің өзінде киносыншылар оны 2023 жылдың ең үздік мини-сериалы деп атап жатыр. Подкастымыздың бұл эпизодында ҰРЫС сериалын талқылап, оны көрудің себептерін айтамыз. Бұл қысқа шығарылым, спойлерсіз (дерлік).
4/24/202324 minutes, 14 seconds
Episode Artwork

ChatGPT, Жасанды зият және Адам

Жасанды зияттың (ЖЗ) пайдасы мен зияны және болашақ мәселелері туралы сөйлестік. ChatGPT-ді өзіміз қалай қолданғанымызды, оның қазақша нұсқасы қалай жұмыс істейтінін, латын әліпбиіне өткенде ChatGPT-де қандай мәселе болатынын талқыладық. Сондай-ақ адам мен ЖЗ қарым-қатынасы қандай болмақ және болашақтың адамы қалай өзгеретінін жорамалдап көрдік. Эпизодта ЖЗ туралы Her (2013) фильмін және Соңғы сұрақ (1956) деген қысқа хикаяны да атап өттік. Керек сілтемелер: Айзек Азимов - Соңғы сұрақ (хикая) - https://t.me/QazaqGrammar/3995 Қазақша ChatGPT: www.askify.kz https://en.wikipedia.org/wiki/Her_(film)
4/15/20231 hour, 12 minutes, 21 seconds
Episode Artwork

Оскар жүлдесі мен қазақ әлемі

Deppa-ның бүгінгі шығарылымында Оскар жүлдесіндегі diversity rules ережесі, позитив дискриминация туралы талқылаймыз. Сонымен қатар биылғы Оскардың бас жүлдегері "Everything everywhere all at once" және ештеңе ұта алмай қалған "Инишерин баншиі" фильмдері жайлы сөз қозғап, бұның бәрінің қазақтармен қандай байланысы бар екенін айта кетеміз.
3/28/20231 hour, 3 minutes, 26 seconds
Episode Artwork

The Last of Us сериалы және оның қазақша дыбыстамасы

Біз ғана тірі (ағылш. The last of us, тікелей аудармасы – Соңғы тірі қалғандарымыз) — Крейг Мейзин мен Нил Дракман түсірген апокалипсистен кейінгі өмірді баяндайтын драма. Naughty Dog студиясы жасаған 2013 жылғы видеоойынға негізделген бұл хикаядағы оқиғалар 2023 жылы орын алады. Сериал жасөспірім Еллиді (Белла Рамзи) жеткізіп тастау үшін постапокалипстік АҚШ-ты кезіп өтуді көздеген контрабандист Жоел (Педро Паскаль) туралы. Сондай-ақ хикаяда зомби тәрізділерге айналдыратын саңырауқұлақ инфекциясы (Ophiocordyceps unilateralis) жайлы баяндалады. Подкастымыздың алғашқы шығарылымында “Біз ғана тірі” сериалын қалай дыбыстағанымыз туралы және сериалдың идеясы мен қызықты фактілері туралы талқыладық. Подкастқа қатысушылар: Әмір Өсерхан, Мақсат Арзаман және Нұрсұлтан Бағидолла. Шығарылымда аталған сілтемелер: https://w.wiki/6TLv The Last of Us қазақшасының телеграм арнасы: https://t.me/tlouqazaq QazaqGrammar: https://instagram.com/qazaqgrammar QialDub: https://t.me/qialdub Шығарылымда HDrezka поштасы қате айтылған, дұрыс нұсқасы міне: [email protected]
3/18/20231 hour, 6 minutes, 38 seconds